12.08.2026
Общество

Абай облысында киберқылмысты ашуға боғытталған топ жұмысын бастады

14.08.2023 04:50

Оның ішінде интернет-алаяқтықты ашу бойынша "Cyberpol" соққы-нысаналы тобының жұмысы ұйымдастырылды.

Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер мен криминалистер кіреді. Қазіргі уақытта "Cyberpol" тобы интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша жұмыстарды жаңа форматта жүргізуде, жаңа бөлімше заманауи зертханамен жабдықталған және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Зардап шеккендердің өтініштері бірден іс жүргізетін тергеушілерге түседі.

Топ жұмысы басталғаннан бастап Семей қаласының 4 тұрғыны бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны үшін қолға түсті. Бұрын мәлімделген интернет-алаяқтықтарды ашу үшін Абай облысынан тыс жерлерге шығу жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында шотына Орал қаласының тұрғынына тиесілі 740 000 теңге сомасында ақша аударылған "ДРОППЕР" ұсталды.

Өзге өңір тұрғынына аталған ақшалай қаражат қайтарылып, Абай облысының полицейлеріне қылмыскерлердің аса күрделі мохинацияларын ашуда көрсеткен жеделдіктері үшін алғысын білдірді. Cyberpol" соққы-нысаналы тобының атына алаяқтардың айла-амалдарына тап болған жергілікті тұрғындардан да алғыстар келуде, деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

События

Литва может получить особый статус в НАТО
Сергей Собянин показал кресла из Челнов, которыми оснащают поезда метро Москвы
Приложение Ozon Банк удалили из Google Play
Чем удивит гостей «Яблочный спас» в Красновидово в этом году
От разработчика до губернатора: как Солодов и АСИ за пять лет увеличили число многодетных семей на Камчатке на 75%
Работодателей призвали сделать родителям школьников подарок к 1 сентября
Опубликованы кадры задержание в Краснодаре агента Киева, планировавшего теракт
СК завел дело о теракте после атаки на гражданские объекты Кубани
В Татарстане 12 августа ожидаются дожди, грозы и до +26 градусов
Психолог Джеффри Гардере: дружелюбие повышает эффективность управления

Теги