12.08.2026
Общество

"Тағы да сарбаз өлімі": 20 жасар сарбаз қоқыс жинап жүріп қалай қаза тапты

04.10.2023 16:09

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің сарбазы Асқар Арашбоев белгісіз жарылыстан қаза тапты.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабаралйды Caravan.kz медиа порталы.

"ТАҒЫ ДА САРБАЗ ӨЛІМІ
Қоқыс жиып ажал құшты. Ақтаудағы 25744 әскери бөлімнің сарбазы Асқар Арашбоев белгісіз жарылыстан қаза тапты. Жанындағы сержант жеңіл жарақаттанды.
Қару-жарақ қоймасы емес солдаттар жүретін батальон аумағында жарылғыш зат неге жатыр @modgovkz ❓
Жақында ғана 20-ға толған Асқардың борышын өтеп жатқанына 6 ай болған. Өзі Түркістан облысының Келес ауданынан. Отбасындағы 7 баланың үлкені. Артында ата-анасы мен 6 інісі аңырап қалды. Енді мен қалған 6 ұлымды Отан қорғауға қалай жіберемін дейді бүгін тұңғышын жер қойнына тапсырған анасы Жанат.
Қалыпты нормадай Солдаттардың сұрауы жоқ болуы қорқынышты…
Айтпақшы, дәл осы 25744 ә/б басынан дау кетпей тұр.
14 әскери, білікті-білімді офицерлер сотталып жатқанын білесіздер.
1 жылдан аса созылған тергеу мен сот шешіміне наразы жақ апелляцияға берген еді. Бүгін Астанада апелляциялық сот.
Үміт етіп жарын күткен 13 әйел, баласын сағынған 28 ата-ана, әкесінің иісін аңсаған 50-ден аса бала әділ Үкім күтуде.
Жас сарбаздар жарылыстан өлуде, офицерлер сотталуда, сонда кім қалды әскер басында???", — деп жазды журналист.

Қайғылы оқиғаға байланысты Гүлмира Әбіқай тараздық экс старшинадан сұхбат алған.

"Біз старшина кезде солдаттарды тәрбилегенде бірінші қару-жарақпен таныстырамыз. Ол қалай жарылып кетеді? Демек, бұл жерде былық бар. Қару, жарылғыш зат көшеде жатпайды, арнайы заңды орынында сақталады. Бұл жерде жоғары басшылықтан бастап салғырттық, немқұрайлық бар", — дейді экс старшина.

События

Сергей Собянин показал кресла из Челнов, которыми оснащают поезда метро Москвы
Приложение Ozon Банк удалили из Google Play
Чем удивит гостей «Яблочный спас» в Красновидово в этом году
От разработчика до губернатора: как Солодов и АСИ за пять лет увеличили число многодетных семей на Камчатке на 75%
Работодателей призвали сделать родителям школьников подарок к 1 сентября
Опубликованы кадры задержание в Краснодаре агента Киева, планировавшего теракт
СК завел дело о теракте после атаки на гражданские объекты Кубани
В Татарстане 12 августа ожидаются дожди, грозы и до +26 градусов
Психолог Джеффри Гардере: дружелюбие повышает эффективность управления
В Зимбабве при крушении судна на озере Кариба погибли 15 человек

Теги