13.08.2026
Общество

"Ешқандай қазақ болған емес": Ресейлік тарихшы қазақтарды ұлт ретінде жоққа шығарды (ВИДЕО)

24.01.2024 16:14

Ресейлік тарихшы Михаил Смолин Ресейлік бағдарламалардың бірінде ұлттар арасында сызат түсіретін арандатушылық мәлімдеме жасап, қазақ халқын ұлт ретінде жоққа шығарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тарихшы НТВ арнасында қазақ, өзбектер мүлдем болмаған деген ой айтты.

"Қазақстан қалай пайда болды? Басында Ресейдің қатарында Қазақ КСР деп пайда болды. Ешқандай қазақ болған емес. Сосын Қазақ КСР арасында Қырғыз КСР пайда болды. Кейін оны алып РСФСР-ден бөліп жіберді. Мысалы, өзбек деген халық та революцияға дейін болған емес. Ондай этникалық атау болған емес. Ал әзірбайжандар деген кім? Ондай да халық болған емес", — деді ресейлік тарихшы.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік журналист Тина Канделаки жақында ғана Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы таралып бара жатқанын жазған еді. Ол өз жазбасында "Уральск" атауының — "Орал", "Узень" атауының "Жаңаөзен" деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін айтқан.

События

От хора МИФИ до Кубанского казачьего: как коллективный голос собирает разрозненную страну в единый кулак?
Евростат: Польшу покинули более 6 тыс. украинских беженцев в июне
Миграционная служба МВД РФ: переселенцы обязаны продлить визит
Раскрыты подробности о водителе врезавшегося в скалу в Дагестане катера
В Татарстане стартует чемпионат по беспилотным технологиям на Кубок Раиса РТ
Раскрыто состояние пострадавших при ударе по Нижнекамску
На дне озера нашли меч «Эскалибур»
У 80-летней жительницы Казани, работавшей на мошенников, нашли тысячу сим-карт
В ЛНР 11 человек пострадали при массированной атаки БПЛА
ФСБ: задержанная за взрыв в Севастополе исполняла задание спецслужб Украины

Теги