13.08.2026
События

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы: білім беру стандарттарын теңестірудегі маңызды қадам

03.02.2025 12:05

Жайлы мектептер үздік білім беру тәжірибелерін тарата отырып, Қазақстанның барлық орта білім беру ұйымдары үшін тірек мектептерге айналады.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.

"Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 3-4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық - эргономикалық кеңістіктің құрылуы", — дейді Оқу-ағарту министрлігінің инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.

Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.

Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блоктан оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары қойылған.

Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық жоба әрбір оқушының толыққанды білім алуына, шығармашылық тұрғыда және жеке тұлға ретінде дамуына жағдай туғыза отырып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Сурет: ашық дереккөздерден

События

Путин провёл совещание по обеспечению безопасности восточных границ России
Крыло завтрашнего дня: как заставить самолёт летать без мотора
Asocapitales: число жертв землетрясения в Колумбии достигло 241
Hockey Canada продлила отстранение Маклауда и трём другим игрокам
В США 11 человек обвинили в мошенничестве с грин-картами
Спасенные от потопа горельефы хотят сохранить как музейные экспонаты
Литва может получить особый статус в НАТО
Сергей Собянин показал кресла из Челнов, которыми оснащают поезда метро Москвы
Приложение Ozon Банк удалили из Google Play
Чем удивит гостей «Яблочный спас» в Красновидово в этом году

Теги