03.04.2026
В Мире

Қарттар күні: Қазақстанда 60 жастан асқандар саны жарияланды

02.10.2023 16:08

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам.

Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі. Осыған орай ұлттық статистика бюросы еліміздегі қарттар санын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды құрайды. Бұл – елдің жалпы санының 13,2%-і.

Олардың ішінде:

Ерлер – 1 031 051 адам (39,4%)

Әйелдер –1 585 064 адам (60,6%).

Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

Өткен жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құраған болатын.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ке көбейген, ал 60 жастан жоғары азаматтарға тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері 9,7%-ке артқан.

Персонально

Мергасовский дом в Казани хотят разобрать и собрать заново
Казанские студенты могут принять участие в донорской акции, приуроченной ко Дню космонавтики
Собянин: Новый культурно-спортивный центр «Печатники» появился в ЮВАО
Три индустриальных парка из РТ получат федеральные субсидии на 34 млрд рублей
В Татарстане отменили режим беспилотной опасности спустя почти четыре часа
СК возбудил дело после схода вагонов поезда в Ульяновской области
Геннадий Красников предсказал будущее генетического моделирования детей
МЧС России предупредило об опасности красного пламени на плитах
Британский политик Дейви призвал запретить рэперу Канье Уэсту въезд в страну
MBN: в Южной Корее набирает популярность карта дешевых кафе и ресторанов

Теги