03.04.2026
В Мире

"Әжем теріс бата берген": Актер Шерхан Пірназар балалық шағын есіне алды

31.01.2024 16:06

Отандық киноларда бой көрсетіп жүрген танымал актёр Шерхан Пірназар балалық шағы туралы айтты.

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі “Сәлем, Европа” youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің әке-шешесі ажырасып, әжесінің бауырында өскен.

“Мен әжесінің баласы болып өстім. Ол кісі сегіз бала тапқан, біреуі қыз, тоғызыншысы мен болдым. Жатса да, тұрса да жанынан тастамайтын. Әжемнің жеті баласы бір үйде тұрған. Жеті келіннің ішінен менің мамамды ерекше жақсы көріп, тірлік істетпей еркелеткен. Бірақ әке-шешем ажырасып кетті. Сол кезде қатты жылағаным есімде. Сонда әжем өз баласына “немеремді жетім еттің” деп қатты ұрысқан. Сол кеткеннен әкем үйге келмеді. Төрт жыл бұрын ғана көрістік. Қанша дегенмен әкенің аты – әке екен. Оған дейін бетпе-бет кездескенде бәрін айтамын деп кіжініп барған едім. Бірақ оның бәрі көрген кезде ұмытылып, ашық сөйлестік. Әкем: "біз ажырасқанда әжең, "менің немеремді жетім қылдың" деп маған теріс батасын берген еді, сол жағдайдан кейін жолым болмады" деп өкінді", –дейді актёр.

Айтуынша, әжесі өмірден өтер кезде Шерханды ұл-қыздарына ерекше аманаттап, үйленсе тойын жасап беруді тапсырған көрінеді.

“10-сынып оқып жүргенде әжем дүниеден өтті. Ауылдан ағам келіп, мені сұрап әкетті. Барсақ әжем өмірден өткен, адамдар жерлеу үшін табытқа салып, мені күтіп тұрған екен. Қоштасып үлгердім. Әжем "Шерхан үйленсе тойын өздерің істеп беріңдер" деп балаларына аманаттап кеткен екен. Содан мен үйленіп, той жасауға келгенде өз жұртым мен нағашыларым таласып қалды. "Біздің де той жасауға жағдайымыз жетеді, олай болса құдаларды біз де күтеміз. Тойдың шығынына да біз өз үлесімізді қосамыз" деп шарт қойып, екі жақ абыроймен атқарып берді”, – деп шаңырақ көтерген сәтін еске алды

Сонымен қатар, актёр әкесі тастап кеткеннен кейін анасы екеуінің өмірі қалай өрбігенін де жасырмады.

“Әкеміз кеткеннен кейін анам мені ойлап екінші рет тұрмысқа шықпады. Нағашылардың қолында өстім. Бірақ өте қиын болды. Себебі менің әкем де, оның бауырлары да ауылда атыс-шабыс, төбелеске жақын өскен. Пірназар әулеті сондаймен атышулы еді. Кейін анам ажырасып, төркініне қайтып келгенде нағашыларым "сен әкеңе тартқансың, бұл жиен адам болмайды" деп кекетіп, айта беретін. Ол сөзді естіген сайын әжемнің мейірімін, махаббатын аңсап, жылаушы едім. Есейіп, Алматыға оқуға кеткенде де "Ой, сенің Шерханың адам болмайды, оқып жүр дейсің бе, ішіп, қуып жүрген шығар. Көресің, ол да әкесіне ұқсап, әлі сені қан қақсатады" деп айта берген екен", – деп ағынан жарылды актёр.

Персонально

Геннадий Красников предсказал будущее генетического моделирования детей
МЧС России предупредило об опасности красного пламени на плитах
Британский политик Дейви призвал запретить рэперу Канье Уэсту въезд в страну
MBN: в Южной Корее набирает популярность карта дешевых кафе и ресторанов
Казанская телебашня изменила подсветку на синий цвет в День информирования об аутизме
ВымпелКом признал сложность отделения VPN-трафика от международного
Студенческие отряды Карелии получат грант 2,2 млн рублей на обучение
Т2 обеспечила связью первый отечественный серийный электромобиль
Лидия Рой призвала снижать барьеры для креативного экспорта в ШОС
Алисе и Антону Семеновым из Казани нужна пересадка костного мозга за 56 миллионов рублей

Теги

правовое регулирование генетическое моделирование Геннадий Красников утечка бытового газа пламя газовая служба правила безопасности iCloud+ Минцифры РФ App Store коммерческая недвижимость Павел Филипчук Владимир Сальдо Каховка пива Министерство здравоохранения РФ Госдума России Ирина Роднина АвтоТО автомагазин Троицк Котельники отечественный продукт мясо-молочная продукция энергетический форум Энергопром Садовые кварталы Мосприрода СИТЕС Хамовники казанская телебашня Алиев преступные сообщества Эльмин Эльдаров Мустафа Миралиев азербайджанская НКА диаспоры хк автомобилист Наталья Бочкарева Служба Комфорта Смайнэкс Пресненский суд Наши герои ВымпелКом Сергей Анохин VPN Архитектурно-строительный техникум Петрозаводский педколледж Студенческие отряды Республика Карелия московская школа управления Лидия Рой