15.05.2026
В Мире

“Семей орманы” филиалының директоры ұсталды

11.07.2024 05:19

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

– 9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен “ Семей орманы ” мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

– Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Павлодар облысында “Ертіс орманы” республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.

Сурет: Polisia.kz

Персонально

Дипломат Грушко: Запад разрушил и заморозил механизмы сотрудничества
Директор ЦРУ Джон Рэтклифф провел встречу с представителями МВД Кубы
Le Parisien: В Нанте стрельба унесла жизнь подростка, двое ранены
Депутат Журавлев: нужно уничтожить индустрию БПЛА на Украине и обезопасить РФ
В Минтруде назвали ожидания зумеров от первой работы
Время легких денег прошло: финансист рассказал о новой модели поведения на инвестиционном рынке
Ирине Родниной предложили спуститься с Госдумы на землю
Зоолог рассказала, почему люди выбрасывают редких животных
Водитель в Приморье тайно слил топлива на 4 млн рублей по карте фирмы
Черниговская область осталась без света после повреждения энергообъекта

Теги