22.04.2026
В Мире

Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді

22.04.2026 04:51

Ақын 19 сәуірде 84 жасына қараған шағында өмірден озды.


Түркістан облысында халық ақыны Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға ел-жұрт көптеп жиналып, ақынмен қоштасты.

Марқұмның денесі Алматы қаласынан Түркістан өңіріне жеткізіліп, Отырар ауданына әкелінді. Қоштасу рәсімі ақынның туған жері – Шілік ауылындағы қара шаңырағында өтті. Кейін ол Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жер қойнына тапсырылды.

Жаназаға Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның туған-туыстарына көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған болатын. Бұған дейін Алматыда өткен қоштасу рәсімінде Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының марқұмның отбасына жолдаған көңіл айту жеделхаттары оқылған еді.


Оқи отырыңыз:

  • Халық Алматыда ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
  • "Өлімі де өнеге ғой алыптың". Ақын Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармаларына шағын шолу

Теги:

Әдебиет

Персонально

МЭР: инфляция в России в годовом выражении замедлилась до 5,77%
Депутаты утвердили отчет о деятельности КСП в 2025 году
Путин проводит переговоры с президентом Сейшельских островов в Кремле
Аграрии Татарстана за первый квартал привлекли 7,4 млрд рублей
В Госдуме рассказали, какие предметы необходимо декларировать на таможне
Совбез России: присоединение Армении к ЕС будет стоить ей 23% ВВП
Мюррей: Трамп, объявив о продлении перемирия с Ираном, захотел скрыть крах США
Внезапный удар: актер из «Тайн следствия» Алексеев умер на пике карьеры
Аксаков: сделки с недвижимостью упростят благодаря биометрии
Солдат весны

Теги