20.06.2026
Человек и Закон

Аягөз тұрғындары жылусыз қалғанына шағымданды

17.10.2024 07:52

Бұл жағдайға министрлік және әкімдік өкілдері түсінік берді

Абай облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтау апатты жағдайда ажыратылған.

Әкімдіктегілер қазандықтар жұмысы тоқтатылмағанын , жылумен жабдықтауды толық қалпына келтіру сағат 16:00-де аяқталғанын мәлімдеді.

"Ақауды жойғаннан кейін жылу желілеріндегі температура параметрлерін қалпына келтіру процесі басталды. Жылу желілерін салу бойынша барлық жұмыс аяқталды, жылу трассасының траншеясы қайта толтырылып жатыр", — делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство өкілдері барлық нысан жылуға толықтай қосылғанын атап өтті. Осы орайда Энергетика министрлігі өкілдері 16 қазан шамамен 23:00-де Аягөзда жылу желісін қалпына келтіру жөніндегі жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

"Осы сәттен бастап температураның біртіндеп көтерілуі басталды, ал таңертең ол 50 градусқа жетті. Абай облысы бойынша Энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті жағдайды бақылауына алды, жағдай тұрақты", — дейді министрлік өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Ал бүгін Сарандағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылуға қосыланы туралы ақпарат пайда болды.

Сурет: pxhere.com

Персонально

Жену премьера Испании отправили под суд и запретили покидать страну
А вы бы хотели воссоздания СССР?
Останкинский суд признал продажу боеприпасов онлайн запрещенной информацией
Популярная актриса высказалась о новых угрозах Зеленского: С каждым днём всё наглее
Психолог Гончарова назвала признаки синдрома «загнанной лошади»
Готовы к сдаче: новая информация из Славянска переломила ход боев
Сборная США победила Австралию 2:0, лидируя в группе D
РИА «Новости»: Султан Брунея Болкиах лично управлял Boeing 747 по пути в Казань
Мантуан надеется на Энрике и Сантоса в ЧМ-2026 для победы Бразилии
Алексей Текслер: «Южный Урал становится привлекательным для отдыха и путешествий»

Теги